Арыстағы жарылыс: сот отырысы басталды

Арыстағы жарылыс: сот отырысы басталды

Шымкент гарнизонының әскери соты былтыр 24 маусымда Арыста болған жарылысқа қатысты қылмыстық істі қарауды бастады — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Қылмыстық іс бойынша 16 адамға айып тағылды, 1473 адам зардап шеккендер ретінде танылды. Олардан бөлек, сотқа сотталушылардың адвокаттары мен прокурорлар қатысады. Бірінші сот отырысына 204 қатысушы келді, оның 16-сы сотталушы, 19 адвокат, 3 қоғамдық қорғаушы, 5 прокурор мен 165 зардап шеккен адам», — делінген соттың хабарламасында.

Сондай-ақ, соттағылардың мәліметінше, санитарлық эпидемиологиялық талаптарды орындау барысында сот залына барлық қатысушы кіргізілмеді.

Еске салайық, былтыр 24 маусымда таңғы уақытта Арыс қаласының маңындағы әскери қойма территориясында снарядтар жарылған болатын. Тұрғындар жаппай қаладан шығып кетіп жатты. Кейін қала толықтай эвакуацияланған еді.

Төтенше жағдайдан үш адам қаза тауып, 200-ден аса адам зардап шеккен болатын.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/aryistagyi-jaryilyis-sot-otyiryisyi-bastaldyi-309455/

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *