Қасым-Жомарт Тоқаев президенттігінің бір жылы:   Қазақстан үдемелі реформалар жолында

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттігінің бір жылы:   Қазақстан үдемелі реформалар жолында

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттігінің бір жылы: Қазақстан үдемелі реформалар жолында

Иорданияның «Петра» мемлекеттік ақпарат агенттігінің саяси шолушысы, Иордания Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің спикері Машхур Әбу Эйд Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басшылығының бір жылдық қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Машхур Әбу Эйд Қазақстанға бірнеше рет сапарлаған, 2015 жылы кезектен тыс президент сайлауын жазуға және ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне барған.

Оның бағалауынша, Қазақстан Президенті Қазақстанды алға дамыту үшін не істеу қажеттігін біледі. Әсіресе, Президент Қ. Тоқаев құрған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аз уақытта Үкімет пен халық арасындағы диалогты жақсарта алды.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі платформасында үздік идеялар генерациясы іске қосылды. Оның ішіндегі ең қажеттілері жүзеге асырылып жатыр. Танымал саясаткерлер, шығармашылық зияткерлері, қоғам қайраткерлері және экономистер елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді тартылған», — деп пікір білдірді М. Әбу Эйд.

Ұлттық кеңес ұсыныстарын ескере отырып, Президент Қ.Тоқаев саяси реформалар кешені аясында бірқатар заңнамалық актілерге қол қойды. Бұл актілер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен азаматтық қоғамның рөлін арттырудағы маңызды қадам саналады.

Спикердің айтуынша, Қазақстандағы жаңа құқықтық нормалар пікірлер плюрализмі, балама көзқарастар, сындарлы ұстаным және сайлаушы алдындағы жауапкершілік сынды құндылықтарды нығайта түседі.

Сонымен бірге, заңнамаға енгізілген түзетулер партиялардың елдегі саяси процестерге ықпалын арттыруға ықпал етеді. Олар жаңа партия құруға және елдегі саяси партиялар өмірін жандандыруға септігін тигізеді.

Түрлі пікірлер мен ұсыныстарды еркін талқылау үкімет шешімдерін әзірлеуге және қабылдауға оң әсер етеді.

https://www.inform.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-prezidenttiginin-bir-zhyly-kazakstan-udemeli-reformalar-zholynda_a3660463

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *