Маңғыстауда өзгеше әдіспен пара алған шенеунік видеоға түсірілді
Маңғыстауда өзгеше әдіспен пара алған шенеунік видеоға түсірілді
Мұнайлы ауданында бөлім басшысы құжаттарды тездетіп жасап бергені үшін жеке кәсіпкерден асүй жиһазын пара ретінде алған
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында өзгеше әдіспен пара алған шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Мұнайлы аудандық әкімдігіне қарасты азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы құжаттарды тездетіп жасап бергені үшін жеке кәсіпкерден асүй жиһазын пара ретінде алғаны үшін айыпталып отыр. Атап айтқанда, шенеунік өз үйіне асүй жиһазының үстіңгі тақтайы мен оған тіркелетін жуғышты орнатқызған. Құқық қорғаушылар жиһаздың астыңғы жағына «пара» деген белгіні жазып, заңбұзушылықты әшкереледі.»Күдікті өз кінәсін мойындады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды. Соңғы шешімді сот шығарады», — дейді тергеушілер.
https://sputniknews.kz/regions/20200611/14210175/para-sheneunik-video.html