Қызылордада аудан әкімінің орынбасары өз-өзіне қол жұмсады

Қызылордада аудан әкімінің орынбасары өз-өзіне қол жұмсады

Автор: Ерке Рахым

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары өз-өзіне қол жұмсады. Өңірдің полиция департаменті аталған фактіні растады деп хабарлады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қызылордада аудан әкімінің орынбасары өз-өзіне қол жұмсады

Көрнекі фото: pixabay,.com

Қайғылы жағдай туралы ақпарат бастапқыда әлеуметтік желіде пайда болды.

Хабарламаларда аудан әкімінің орынбасары басқа мемлекеттік қызметкермен төбелестен соң Қызылордадағы медициналық орталыққа жеткізіліп,

артынша өз-өзіне қол жұмсағаны айтылған. Жаңақорған ауданы әкімдігі тергеуге сүйеніп, пікір білдіруден бас тартты.

Ал Қызылорда полиция департаменті редакция сұранысына жауап беріп, өз-өзіне қол жұмсау фактісі 6 маусым күні тіркелгенін растады.

«Қылмыстық кодекстің 105- бабы 1- бөлігі (Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу) бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр»,- деді департаменттің баспасөз қызметінде.

Ведомство Қылмыстық кодекстің 201- бабына сәйкес, сот алды тергеу жұмыстарының басқа мәліметтерін таратуға тыйым салынғанын да айта кетті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы тұрғыны қызы мен күйеу баласын атып өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салған еді.

Қалалық полиция департаменті қанды оқиғаның 8 маусым күні болғанын растаған.

https://kaz.nur.kz/1859737-kyzylordada-audan-kimini-orynbasary-z-zine-kol-zmsady.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *