Ақтөбе облысындағы комбинатта газ құбыры өртеніп кетті
Ақтөбе облысындағы комбинатта газ құбыры өртеніп кетті
Хромтау қаласында Дөң кен байыту комбинатында өрт болды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде газ құбыры өртеніп кетті , — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға орнынан видео пайда болды.
«9 маусым шамамен сағат 10:30-да 214-S-04 скруберінің конусында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде УП-1 ФОР АО ДГОК аймағында газ құбыры өртеніп кетті. Өрт сағат 11:00-де сөндірілді», — дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Өрт кезінде ешкім зардап шекпеген.
Айта кетейік, Дөң кен байыту комбинаты — хром кентастарын өндірумен және оны байытумен айналысатын кәсіпорын.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/aktobe-oblyisyindagyi-kombinatta-gaz-kubyiryi-ortenp-kett-309362/

