Қытайда балабақшаға пышақпен шабуыл жасалып, 40 адам зардап шекті

Қытайда балабақшаға пышақпен шабуыл жасалып, 40 адам зардап шекті

Фото:twitter.com/BreakingItalyNeФото:twitter.com/BreakingItalyNe

Қытайдың Гуанси-Чжуанск автоном ауданының билігі балабақшаға пышақпен шабуыл жасалып, салдарынан 40 адамның жарақат алғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ABC News.

Дереккөз мәліметінше, 6 жасқа дейінгі 37 бала мен екі ересек адам зардап шеккен.

Алайда CCTV мемлекеттік телеарнасы 40 адамның жарақат алғанын айтады. Олардың барлығы ауыр жағдайда жатыр дейді.

Балабақшаның 50 жастағы күзетшісі балаларға пышақпен шабуыл жасады деген күдік бар.

Төтенше жағдайдың видеосы жергілікті БАҚ-тарда жарияланды. Видео кадрларынан ер адамның беті қан-жоса болғанын көруге болады.

https://kaz.tengrinews.kz/world_news/kyitayda-balabakshaga-pyishakpen-shabuyil-jasalyip-40-adam-309201/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *