МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА СУ БАСҚАН АУЫЛДАРДЫ КҮЛ-ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА СУ БАСҚАН АУЫЛДАРДЫ КҮЛ-ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
«Аталған жұмыстарға Шардара ауданынан күнделікті 30 адам тартылып отыр. Бүгінгі таңда жалпы 410 адам және 11 техника күндіз-түні тоқтаусыз еңбек етуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғындардың өтініштерібойынша жалғасын тауып келеді», – дейді Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев.
Сондай-ақ, мұндай жұмыстар Өргебас пен Фердауси ауылдарында да атқарылуда. Бүгінге дейін Фердауси ауылында 14 көше тазартылып, 200 үйде бұзу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда аталған елдімекеннен 200 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылыпты. Бұл жұмыстарға ауылға жауапты Келес ауданы әкімдігі 130 адам мен 11 техника жұмылдырған.
Ал,Өргебас ауылына жауапты Жетісай ауданы.Мұнда бүгінде 189 үй бар болса, соның 162-інде бұзу жұмыстары жалғасуда.Сондай-ақ, 31 үй бұзылып, алаңшасы іргетас құюға дайындалуда. Бүгінгі таңда Өргебаста 8,5 млн. теңге алу үшін 169 адам келісімшартқа отырып,оның 164-не қаржы аударылған.Бұзу және қоқыстарды шығару жұмыстарын Өзбекстаннан келген 4 эксковатор, 2 камаз, 1 жүк мен бульдозер және 30 әскери адамдар атқаруда. Жалпы ауылда жұмыс істеп жатқан адам саны 205-ке жетіп отыр.Оның 30-ы Өзбекстан азаматы, 5-і Жетісай,20-сы А. Қалыбеков ауылдық округінен келген бригада, қалған 150-і жергілікті тұрғындар.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі