АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ

2017 жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының Арыс қаласы бойынша  6 ауылдық округ, 32 елді мекен болса, сәйкесінше мұнда 1мәдениет үйі, 5 ауылдық клубтар,   (Жиделі, Дермене ауылдық клубтары  мектептің ішінде  орналасқан).  Қалада кітапхана-3 Ауылдық  кітапхана-14 (Ақдала, Сырдария, Көкжиде, бір қалалық кітапхана мектепте орналасқан).  Тілдерді оқыту және дамыту орталығы -1.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес облыстық дәстүрлі «Арай 2017», «Үкілі ару»,  «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол»,  «Батагөй  қария», «Шаянға  барсаң әншімен  деме», «Күй  құдіреті», «Менің Қазақстаным»  ән фестиваліне және т.б. байқауларға,   республикалық  «Қазақ дауысы»  байқауына  Арыстық  өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті. Облыстық  «Туған жер –алтын бесігім»  өнер фестивалі кең көлемде өткізілген.

Сонымен қатар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»  бағдарламалық мақаласы аясында арнайы жоспар түзіліп мәдени іс – шаралар ұйымдастырылып  өткізілуде. Арнайы желілік кесте бойынша латын әліпбиіне көшу жөнінде ауылдық округтерде, білім мекемелерінде, кәсіпкерлік мекемелерінде, қоғамдық ұйымдармен, еңбек ардагерлерімен және мекеме қызметкерлеріне түсіндіру, насихат жұмыстары жүргізілді.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған  іс-шаралар жоспарын орындау бойынша, ай сайын құқықтық оқыту сабағы өткізіліп отырған деп мәлімдейді «ontustik-aris.gov.kz» ақпараттық сайты.

Арыс қаласы 2017 жыл қорытындысы бойынша мәдениет және тіл саласын дамытуда қабылданған бағдарламалар мен даму жоспарының негізінде өткізілген, әрбір атқарылған жұмыс, мәдени іс-шара, оқырман тарту, кітап қорын молайту және тағы басқа да жұмыстар  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа алып жүргізілуде. Әрбір іс-шара халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүр рәсімдерін дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тілдердің қолдану аясын кеңейту, өнерпаздардың  шығармашылық қабілетін шыңдау, өнерді ел арасында насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастардың бойына патриотизм мен батылдықты сіңіру арқасында отансүйгіштікке баулу.

«Тарих беттеріне үңілсек» айдарымен Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы болып жариялануына байланысты «Түркістан» атты тұрақты кітап көрме, тарихи-танымдық кеш,  «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының 100 жылдығына орай  ауыл кітапханаларында «Алаштың жарық жұлдыздары» атты тұрақты кітап көрмесі, Орталық кітапханада «Алаш рухы жаңғырған күн» атты тарихи-танымдық сағат  өтті.  Мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 105 жыл толуына орай,    Алаштың ардақтысы, ХХ – ғасыр саңлағы атанған атамыздың қарапайым кісілігін, кемеңгерлігін, тектілігін, көрегендік қасиеттерін, сыршылдығын кейінгі ұрпаққа өнеге ете отырып, кеңінен таныту мақсатында  Монтайтас балалар кітапханасында «Ғасырда бір туатын дара тұлға» атты еске алу кеші, Дермене ауылдық кітапханасында «Дана халықтың, дара перзенті» атты әңгіме, кітап көрмесі,  Байырқұм кітапханасында «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты еске алу кеш, «Даланың дана перзенті»  атты әңгіме балалар кітапханасында,  Ақдала  ауыл кітапханасында «Дәуірінің дара тұлғасы» атты портрет кеш, Сырдария ауылдық кітапханасында «Қонаев – ғасыр адамы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Мұнан бөлек Арыс қаласының мәдениет саласында жыл басынан бері бірнеше іс-шаралар жүргізілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *