Түркістан облысында жанармай таситын жүк көлігі мен жеңіл машиналар соқтығысты
Түркістан облысында жанармай таситын жүк көлігі мен жеңіл машиналар соқтығысты
Түркістан қаласы маңында жанармай таситын жүк көлігі мен жеңіл машиналар соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы Шымкент-Самара тас жолының бойында орын алған, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде бірнеше автокөліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғаны жөнінде бейнежазба тараған болатын. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған жол апаты 27 мамыр күні сағат 13.00 шамасында орын алған.
«Донгфенг» машинасының жүргізушісі Шымкенттен Қызылорда қаласына бара жатқан жол қиылысының бірінде қарама-қарсы бағытта келе жатқан Газ-53 (Бензовоз) автокөлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан «Газ 53» жол қиылысында тұрған «Дэу Джентра» мен «Ауди 100» автокөліктерін қағып, аударылған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.
Аталған жайт бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда бұл келеңсіз жағдай бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.