ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚОЛАЙЛЫЛЫҒЫ АРТПАҚ

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚОЛАЙЛЫЛЫҒЫ АРТПАҚ

Қаламызда қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту мақсатында қолданыстағы маршруттар желісі жаңартылып, Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы әзірленеді. Жобаны «Астана LRT» ЖШС жүзеге асырмақ.Бұл туралы бұқаралық ақпарат өкілдеріне қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баспасөз-брифингінде мәлімдеді.

«Қоғамдық көлікті жан-жақты модернизациялау, қоршаған ортаны құру, жолаушыларды тасымалдау қызметін жақсарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, барлық жолды пайдаланушылар үшін қолайлы көліктің қызмет ету мерзімін сақтау және көліктің ұтқырлығын құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Әлеуметтік желі арқылы қоғамдық көлікті пайдаланушылардың арасында сауалнама жүргізіп көрдік. Жолаушылардың 75% қоғамдық көлікті модернизациялауды талап ететінін, атап айтқанда бағыттарды өзгертуді, қызмет көрсету сапасын жақсартуды, автобустарды жаңартуды қажет ететінін көрсетті.


Зерттеу мен талдауды нәтижесінде біз қолданыстағы бағыттарды оңтайландыру және жаңа бағыттардың ашылуын, көлікті жедел басқару мен реттеуді жүзеге асыратын бірыңғай диспетчерлік қызметті құруды, көлік заңнамасының қажетті шараларын болдырмау/жою үшін көліктік бақылау қызметін құру және қоғамдық көлікті пайдаланушылардың байланысы үшін, байланыс орталығын құруды, жүргізушілер құрамын қайта даярлау үшін, оқыту орталығын ашуды жоспарлап отырмыз.» -деді Мақсұт Пернебайұлы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *