Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 адам тіркелді
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 адам тіркелді (27.05.2020 жылғы мәлімет бойынша).
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 17 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: 13-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 3-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 1-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Барлығы тиісінше инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
27.05.20 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 730 адам анықталды.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.