Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет
Қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл туралы бүгін Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатыстым. Адами капиталды қалыптастыру мақсатында білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамыту мәселесін талқыладық. Бұл салаларға қазіргі заман талабына сай түбегейлі реформалар жүргізу қажет»,-деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы білім деңгейін халықаралық бағалау нәтижесі бойынша артта қалуымызға жеткіліксіз қаржыландыру себеп болып отырғандығын жеткізді.
«Жылына әр оқушыға бөлінетін қаржы бір мың долларға жетпейді. Реформалардың жүйесіздігі де теріс ықпал етуде. Мектеп инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай болуы керек. Қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет. 2021 жылдан бастап Тіл комитеті Білім және ғылым министрлігінің құрамында болады»,-деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.