284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ
284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ
Бұдан бөлек, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Nur Otan» партиясы арқылы «Біргеміз» қоғамдық қорымен 41 630 азаматқа 50 мың теңгеден әлеуметтік осал топтағы азаматтарға көмек көрсетілді. Сонымен бірге, аз қамтылған 20 мың отбасыға 50 данадан 1 млн. маска таратылды.
Республикалық бюджет есебінен азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету үшін 74 мыңнан астам адамға — 994,7 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Ал әлеуметтік осал топтағы азаматтарға коммуналдық шығыстарын өтеуге бюджеттен 1,5 млрд.теңге қаржы бөлінген.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі