Пәкістанда жолаушылар ұшағы тұрғын үйге құлады

Пәкістанда жолаушылар ұшағы тұрғын үйге құлады (видео)

Бүгін, 22 мамырда Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында әуе апаты болды. Белгілі болғандай, жолаушылары бар ұшақ тұрғын үйге құлаған деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Пәкістанда жолаушылар ұшағы тұрғын үйге құлады (видео)

Коллаж: NUR.KZ. Видеодан кадрлар: twitter.com/Nouman_Writes , youtube.com/Unwanted Engineer және youtube.com/Success Stories TV

Geo News телеарнасының Азаматтық авиация басқармасындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, жолаушылар ұшағы қонауына аз уақыт қалған кезде әуежай маңында апатқа ұшыраған.

Кейін әуе тасымалдаушының өкілі бұл ақпаратты растаған. Ол 90 жолаушысы болған Airbus A320 ұшағы құлағанын жеткізген.

Желіде оқиға орынан фото-видео жазбалар тарап кетті.

https://kaz.nur.kz/1857037-pkistanda-zolausylar-sagy-klady.html

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *