Коронавирус: дүние жүзі бойынша 22 мамыр таңғы жағдай

Коронавирус: дүние жүзі бойынша 22 мамыр таңғы жағдай

  • © Reuters© Reuters

22 мамыр таңғы жағдай бойынша дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 5,1 миллион адамнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті мәлімдейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Университеттің мәліметі бойынша, дүние жүзінде 5 101 967 адамнан COVID-19 жұқтырған. Инфекциядан 332 900 науқас көз жұмған. Ал 1 948 106 адам аурудан жазылған.

Коронавирус қатты тараған он ел:

АҚШ — 1 577 140 адам вирус жұқтырған, 94 702-сі көз жұмған,

Ресей — 317 554 адам вирус жұқтырған, 3 099-ы көз жұмған,

Бразилия — 310 087 адам вирус жұқтырған, 20 047-сі көз жұмған,

Ұлыбритания — 252 246 адам вирус жұқтырған, 36 124-і көз жұмған,

Испания — 233 037 адам вирус жұқтырған, 27 940-ы көз жұмған,

Италия — 228 006 адам вирус жұқтырған, 32 486-сы көз жұмған,

Франция — 181 951 адам вирус жұқтырған, 28 218-і көз жұмған,

Германия — 179 021 адам вирус жұқтырған, 8 203-і көз жұмған,

Түркия — 153 548 адам вирус жұқтырған, 4 249-ы көз жұмған,

Иран — 129 341 адам вирус жұқтырған, 7 249-ы көз жұмған.

Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирус бойынша статистикасы басқаша. ДДҰ мәліметіне сүйенсек, дүние жүзінде COVID-19 4 904 413 адамнан табылған, 323 мыңнан аса адам қайтыс болған.

Қазақстанда 7234 адамнан коронавирус анықталған. Оның 3843-і аурудан жазылса, 35 науқас көз көз жұмған.

https://kaz.tengrinews.kz/world_news/koronavirus-dunie-juz-boyyinsha-22-mamyir-tangyi-jagday-308705/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *