ШЫМКЕНТ: СУ ТАСҚЫНЫНДА ҚАТТЫ ЗАҚЫМДАНҒАН 5 ҮЙ ҚАЙТА САЛЫНАДЫ

ШЫМКЕНТ: СУ ТАСҚЫНЫНДА ҚАТТЫ ЗАҚЫМДАНҒАН 5 ҮЙ ҚАЙТА САЛЫНАДЫ

slider
Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан 5 үй салынатын болады. Құрылыс жұмыстарына қордан қажетті қаржы бөлініп отыр. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев аталған елді мекеннің тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті.

«Әлеуметтік қордан бүгінгі таңда тиісті қаражат бөлінген. Осы аптаның соңында құрылыс жұмыстары басталатын болады. Құрылыс компанияларына үйлерді бір жарым айда аяқтауды айттық. Бұдан бөлек, су басқан 32 үйдің зақымданғаны туралы комиссия шешім шығаратын болса әлеуметтік қордан қалпына келтіру жұмыстарына тиісті қаражат бөлуді қарастыратын боламыз»,-деді Б.Мамыталиев.
Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары су басып өткен аулалар мен көшелерді тазарту жұмыстарының барысын тексерді. Еңбекші ауданының Елтай тұрғын алабында қазіргі таңда су толығымен тоқталып, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 48 қызметкер, 3 техника мен 1 мотопомпа жұмылдырылған.
«Үйімізді арнайы әлеуметтік қордан салып беретінін естіп, қуанып қалдық. Жергілікті билік қолдан келгенше көмек беріп жатыр. Төтеншеліктер мен әскер қызметкерлері де тәулік бойы жұмыс атқарып аулалар мен көшелерді тазартуда»,- деген ауыл тұрғындары қалпына келтіру жұмыстарына атсалысып жүрген барша азаматтарға алғыстарын жеткізді.
Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы су басқан аула аумақтардан, көшелерден батпақ лай мен тастарды шығарып, арықтарды жиналған қоқыстардан тазартуда. Сондай-ақ олар бүгінге дейін ұзындығы 30 метр болатын екі көше мен 48 үйдің ауласын лайдан тазартты.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *