1 қыркүйекте мектептегі оқу жылы қандай форматқа көшеді — министр пікір білдірді

1 қыркүйекте мектептегі оқу жылы қандай форматқа көшеді — министр пікір білдірді

1 қыркүйекте мектептегі оқу жылы қандай форматқа көшеді - министр пікір білдірді

ҚР Білім және ғылам министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйектен оқу жылы қандай форматта басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Қашықтан оқыту уақыт талабы екенін түсінеміз. Бұл тақырып үйде білім алатын балаларға, сондай-ақ қыста ауылдық елді мекендерде жол ашылмағанда оқудан қалған балаларға қатысты. Осы орайда түрлі жағдай болып жатады. Сәйкесінше, бұл жағдайларда заманауи технологияларды көмегі тиіп, білім беру процесіне қолдау жасалады. Алайда бұл 1 қыркүйектен қашықтан оқуға көшіруді білдірмейді», — деді А. Аймағамбетов онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, педагогтар, министрлік, ата-аналар мен оқушылардың өздері дәстүрлі форматта оқыту тиімді әрі ыңғайлы екенін түсініп отыр.

«Білім беру процесі — ол тек ақпарат беру ғана емес. Бұл тұрғыда әлеуметтендіру, балалар арасында өзара іс-қимыл мен қарым-қатынас, тәрбиелік процесс секілді маңызды мәселе бар», — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 11-сынып түлектеріне аттестат 3-4 маусымда тапсырылады.

https://www.inform.kz/kz/1-kyrkuyekte-mekteptegi-oku-zhyly-kanday-formatka-koshedi-ministr-pikir-bildirdi_a3652108

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *