Отбасы құндылықтары немесе қазақта өзгеге ұқсамайтын отбасы құндылықтары бар
Бүгін Халықаралық Отбасы күн!
Отан отбасыдан басталады. Осы бір ауыз сөздің астарында ұлы мағына жатыр.
Жалпы кез-келген адам баласы үшін отбасының алар орны ерекше. Өйткені ол өмір жолындағы адами ұстанымы қалыптасатын орта. Сол шаңырақта не үйренсең, ұшқанда сол жолмен жүреді.
Атам қазақ әу баста дүниеге нәресте келгенда құлағына азан шақырып, атын айқайлап айтатын болған. Онысы мұсылмандық пен ізгіліктің белгісі. Бала азан шақырып қойған атын есте мәңгі сақтасын,деген ырымы болса керек.
Отбасында баланың өмірлік ұстанымы қалыптасады. Сәбиге жас кезінен қандай тәлім-тірбие берсек солай мінез-құлқы қалыптасып , бағытын айқындайды. Бұрындары ата апаларымыз балам біреудің ала жібін аттама. Өзгеге өктемдік жасама. Ұят болады,деп отыратын.
Жастаймыздан сол бір ауыз Ұят болады, деген сөзбен өстік. Басыңды жұлып алса да өтірік айтпа. Өтірік өрге баспайды. Өтіріктің арты бір тұтам. Өзгенің затына қызықпа. Өзгенің дүниесі дүние болмайды.
Қатарларыңның ішінде кем-кетіктеуі болса бетіне баспа. Қайта қолыңды созып көмектес. Үлкенге ізетті,кішіге құрметті бол, деп санамызға құйып өсірді.
Қазір өзіміз де ата-ана атандық. Отбасмызда ұл-қыздарыма сол атадан қалған өсйетті айтып, саналарына сіңіріп отырамын. Басқалар да осылай жасап жүр деген үміттемін.
Қу тіршілік деп жүріп ұрпақ тәрбиесін ысырып қоюға болмайды.
Отбасы бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар ортасы. Онда бала тәрбиесін жүзеге асырып, басқа қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді ұғындыратын қос жұптың бірлесіп өмір сұретін ортасы. Отбасындағы бауырмалдық, ағайын-туыс, дос жаран болып қоғаммен ұласады. Отбасының маңызды сипаты — оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.
Жалпы отбасындағы бала тәрбиесі қазақ үшін өте маңызды мәселе. Отбасында дұрыс тәрбие алған бала ешқашан жамандық жасамайды. Өтірік айтпайды,ұрлыққа бармайды. Ең бастысы бауырмалдық қасиеті жоғары болады.
Түптеп келгенде құрылымы мықты отбасы өрісті әулетке айналады. Ол іргелі мемлекеттің бір тетігі. Рухани дүниетанымы жоғары әулет елдің негізі бола алады.
Отбасы мерекесі құтты болсын Қазақстандықтар!