«АШЫҚ ӘКІМДІК» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«АШЫҚ ӘКІМДІК» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін «Ашық әкімдік» жобасының жұмысымен «Adaldyq alany» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының төрағасы Т.Байғұлов Шымкент қаласына сапары барысында танысты.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевпен бірге азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет шарттарымен және қалалық әкімдікте қабылдаудың жүзеге асырылу барысымен, карантин жағдайындағы Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты.


Іс-шара барысында әкім аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов қонақтарды Өтініштермен жұмыс жасау бөлімінің жұмысымен таныстырды. Оның айтуынша, аталған бөлім азаматтардың өтініштерімен жұмыс сапасын арттыру мақсатында ашылған.


«Ашық әкімдікте» қала тұрғындарының арыз-шағымдарын қабылдайтын 10 терезе жұмыс жасайды, (оның ішінде 1 терезе өзіне-өзі қызмет көрсету үшін арналған) «бір терезе» қағидаты бойынша бірыңғай жерде мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.


Әкімдіктің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 4 айында 5 483 өтініш келіп түсіп, оларға тиісті жауаптар берілген.
Сонымен қатар, кездесу барысында әкімдіктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстар жайы талқыланды.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *