ШЫМКЕНТ: М,ӘЙТЕНОВ ЕҢБЕКІШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ТӨТЕНШЕЛІКТЕРГЕ НЕГЕ ШҮЙЛІКТІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Елтай ауылындағы жағдайды көрген соң, жауапты адамдарға айтқан сөзі.
Опубликовано Олжасом Мамыром Четверг, 14 мая 2020 г.
Бейне баян әлеуемттік желіден Олжас Мамырдың парақшасынан алынды.
Әлеуметтік желіде тараған бейнебаянда қала әкімі Мұрат Әйтенов тиісті сала мамандарына жұмыстың жүйесіз екенін айтып, қатаң ескерту жасады. Тіпті қажет болса Еңбекші ауданының әкімін жұмыстан алып, Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысына ескерту беретінін жеткізді. Апат айтып келмейді, деп жатамыз. Дегенмен Төтеншеліктер соңғы бірер күнде тіпті телеарнада эфирді үзіп жауын-шашын жел болатынын ескертіп жатыр. Сонда бұл органның қызметі әкім айтпақшы тек ескерту ғана ма? Неге әкім шырылдап, мәселені төтесінен қойғанда ғана қимылдайды. Жылда көктем келіп жауын-шашын мол түссе болды қаладағы кейбір аймақтар мен көше суға толады. Кешегі жауында Нұрсәттегі Астана даңғылымен толып су ақты. Елтай ауылын су басты. Абырой болғанда адам аман. Жалпы биыл табиғат тосын мінез танытып келеді. Дегенмен Төтеншеліктер осы жағдайды біледі. Алдын ала шырылдап хат жазып, арық-атыздарды тазалау мен су ағар жүйелерді кеңейту мәселесін көтеріп, соның алдын-алса құба құп болар еді әкім айтпақшы. Бұл жолғы тасқын сабақ болатын шығар деген үміттеміз. Мәселе біреуді тұқыртып, не күйе жағу емес осындай олқылықтардың алдын алу. Қалада атам заманнан келе жатқан жыраларды тегістеп, ойпаттарға үй салып жатыр. Ол жыралар бекер пайда болмаған кезінде су аққан. Әйтеуір жылдардың бір жылында, толласыз жауын жауса сол жыралармен су ақпасына кім кепіл береді. Оны да зерттеп қарап жатқан ешкім жоқ. Бастысы Ел аман жұрт тыныш болсын.