ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОММУНЛАДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ӨТЕУГЕ ӨТІНІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН БОТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОММУНЛАДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ӨТЕУГЕ ӨТІНІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН БОТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында, Түркістан облысында коммуналдық қызметтер үшін төлемдер өтелетін болады. Төлемдерді өтеу келесі санаттарға жататын азаматтарда немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелерінде коммуналдық қызметтердің дербес шоттары болған жағдайда, карантин енгізілген аумақтағы елді мекендерде жүзеге асырады. Төмендегі санаттарға жататын азаматтар өтініш берген коммуналдық қызметтерді жеткізушімен шарт осы отбасы мүшелерінің бірінің атында болуы тиіс.
Атап айтқанда, 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер; Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; мүгедек балаларды тәрбиелеушi отбасылар; көпбалалы отбасылар; ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер жатады.
Коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеу үшін тұтынушылар (немесе олардың заңды өкілдері) «Telegram» мессенджері арқылы «SmartTurkistanBot» боты арқылы немесе аудандар мен қалалардағы call-орталықтар арқылы жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және коммуналдық қызмет бойынша дербес шотының деректерін ұсына отырып, өтініш бере алады.
Жоғарыдағы аталған санаттарға жататын тұтынушыларға 15 мың теңгеден 2 ай (сәуір, мамыр) мерзімі үшін төлем жүргізілетін болады. Аталған көмекті алуға өтінім білдіру мамыр-маусым айлары аралығында қабылданатын болады.
Айта кетейік, Telegram мессенджерінде бот табу үшін іздеу жолында @SmartTurkistanBot теріп, «Бас мәзір» батырмасын басу қажет. Бұл қызмет халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына ғана ұсынылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі