ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНА АЛҒАШҚЫ МАТЕРИЯЛДЫ КӨМЕК МАҚТААРАЛДАН КЕЛІП ЖЕТТІ
ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНА АЛҒАШҚЫ МАТЕРИЯЛДЫ КӨМЕК МАҚТААРАЛДАН КЕЛІП ЖЕТТІ
Төле би ауданындағы орын алған су тасқыны баршамыздың қабырғамызды қайыстырғаны мәлім. Бүгінгі таңда апат салдары бір ауданды емес, облыс пен республиканың жастарын алаңдатып отыр.
Осы бір тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдіру мақсатында Мақтаарал ауданыны мен жер жәннәті Жетісу жастары біріге отырып, Төле би ауданының тұрғындарына республикамыздың облыс- аймақтары арасынан алғаш болып көмек қолын созды.
Ерікті жастар Ленгер қаласындағы су тасқынының салдарын өз көзімен көріп, халықпен жүздесті, тазалық жұмыстарына көмек бердіп, ақсақалдардың батасын алды. Осылай Мақтаарал жастары, өз ауданындағы жағдайдан оң түйін шығарып, қашанда көмекке дайын екенін білдірді.
Мақтаарал жастарының қайсарылығы мен мейірімге толы жүрегіне Төле би ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков бүкіл Төле би тұрғындары атынан ризашылығын білдірді.
Аталмыш қайырымдылық шарасына қолдау білдіргені үшін Мақтаарал ауданының кәсіпкерлеріне аудан жастары атынан зор алғыс білдіреміз!