ШЫМКЕНТ: ЕЛТАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАУЫННАН ТӨНГЕН ҚАУІП СЕЙІЛДІ

ШЫМКЕНТ: ЕЛТАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ ЖАУЫННАН ТӨНГЕН ҚАУІП СЕЙІЛДІ

13.05.2020 жылы сағат 19.14-те Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келгені туралы хабарлама келіп түскен.

Үйлердің аулаларын су басып, судың деңгейі 20-50 см құрады. Көп мөлшерде келген судан арық жүйесі істен шығып, соның салдарынан тұрғын үйлердің аулаларын су басты.

 

Жалпы 60 тұрғын үй аулаларын су басты және 3 шаруашылық құрылысы қирады. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 57 қызметкері, 14 техника мен МП-100 маркалы 14 мотопомпа жұмылдырылды.

ТЖД күштері суды шығару жұмыстарын жүргізді, жергілікті атқарушы органдарының коммуналдық қызметтері арықтарға механикалық тазалау жүргізді.


Эвакуациялық пункттерге жеткізу үшін шұғыл түрде қоғамдық көліктер ұйымдастырылды. ТЖ департаментінің мобильді тобы дауысзорайтқыш арқылы Елтай елді мекенінің тұрғындарын эвакуация туралы құлақтандырды.

Су басқан 60 үйден адамдарды көшіру ұйымдастырылды. Маятас тұрғын алабында орналасқан №119 мектептің негізінде құрылған №41 эвакуациялық жиналу пунктіне 150 адам көшірілді, 150 адам өздеріннің туыстарының үйіне орналасты. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қосымша 4 эвакуациялық-жиналу пункті дайындыққа келтірілді.

Опубликовано Шымкент Ақпараттық Коммуникациялық Орталық Среда, 13 мая 2020 г.

Қазіргі таңда Елтай елді мекеніне келер қауіп жоқ. Құзырлы мекемелер тарапынан қажетті көмек көрсетілуде. Жағдай тұрақты бақылауда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *