ШЫМКЕНТТЕН МАҚТААРАЛҒА 10 СУ СОРҒЫШ ТЕХНИКАСЫ КӨМЕККЕ ЖІБЕРІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕН МАҚТААРАЛҒА 10 СУ СОРҒЫШ ТЕХНИКАСЫ КӨМЕККЕ ЖІБЕРІЛДІ

slider

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге шымкенттіктер де көмек көрсетуде. Соңғы мәліметтер бойынша, Шымкенттен Мақтааралға қосымша 10 су сорғыш техникасы жіберілді.

slider

Айта кетерлігі, бүгін таңертең сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосымша арнайы және қосалқы техникалар мен жеке құрам жіберілген болатын.

Көмекке жіберілген техникалардың ішінде АСО 20, АЦ – 2, УАЗ маркалы 4 техника, МП-100 маркалы 6 мотопомпа бар.

Мақтаарал ауданындағы су басу жағдайына байланысты 2020 жылғы 2-5 мамыр аралығында Шымкент қаласынан су басқан елдімекендердегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 40 адам жеке құрам, 8 техника, 1 квадрокоптер және 4 дана жүзу құралдары (1 моторлы және 3 үрлемелі қайық) 2-ші эшелон есебімен жолданды. Осы аралықта құтқарушылар аудандағы су басқан елдімекендерде 70 адамды, олардың мүліктерін қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, ірі және ұсақ малдарды құтқарды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдары тарапынан 4 мамыр күні Мақтаарал ауданына инженерлік жұмыстарды жүргізу үшін 30 арнайы техника жіберілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *