БІРЛІК ЕЛДІКТІҢ БАСТАУЫ!

​ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!

​ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ халқында «Бірлік болмай – тірлік болмас» деген мақал бар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгі болуы үшін ең алдымен мықты татулық және тұрақтылық керек.
Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының ынтымақ, бірлігін нығайтуда өте ауқымды жұмыстар атқарып, бірқатар саяси бастамаларды жүзеге асырды. Соның бірі — Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы бүгінде ел бірлігінің ұлысты ұйытқысына, рухани құндылықтардың қайнар көзіне айнала білді.
Ынтымағы жоқ елден – ырыс, бірлігі жоқ елден – береке қашады. Оны өз ішінен бүлінген мемлекеттердің тағдырынан көріп келеміз.
Тұрақтылық пен даму үрдісін таңдаған Қазақстан сыртқы саясатта да бейбітшілік ұстанымын биік ұстай білді. Бейбітшілік сүйгіш Қазақстан мемлекеті әлемде тұрақтылықты сақтау, ынтымақты арттыру бағытында маңызды бастамалар көтеріп келеді.
Осы ретте тарихы терең, ата-баба дәстүрін жалғаған Түркістан облысының жұртшылығы да ел тәуелсіздігінің арқасында биік шыңдарды бағындырып, қазіргі таңда өңірімізде жарқын жетістіктер, қайта жаңғыру және жаңару үрерістері жүріп жатыр.
Бұл жетістіктердің барлығы бірлік пен еңбектің, ымыралы ынтымақтың жемісі деп білеміз.
Мемлекет құраушы ұлт – Қазақ халқы ежелден-ақ бауырмалдық пен мейірімділікті, жомарттық пен ынтымақты өмір салтына айналдырған. Этносаралық және конфессияаралық түсіністік пен татулық елді дамуға бастайтынын біздің халық жақсы біледі.
Дүниені дүрліктірген ауыр індетпен күресу жолында да елдегі түрлі этнос өкілдерінің бірлігі мен мызғымас ынтымағы үлкен демеу болуда. Біз осылай жұдырықтай жұмылып қана Отанымыздың болашағын баянды ете алатынымызға тағы да көз жеткізіп келеміз.
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Кезінде Түркі елінің ұлы қайраткері Күлтегін «Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп» деген екен. Ендеше бірлікті ту етіп, Қазақстанды, тұғырлы Түркістанды дамытуға үлес қосайық, ағайын!
Бірліктің мерекесі құтты болсын!
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *