ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ТҰРАНДА 88 КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ТҰРАНДА 88 КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

slider

Шымкент қаласының Тұран шағын ауданында бүгінде 42 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Тағы 26 тұрғын үйдің жобасы әзірленіп жатыр. Оның үшінде 16 қабатты 4 үй, 8 қабатты 12 үй, 9 қабатты 15 үй бар. Олардың жобасы мамыр айында сараптамадан шығады деп күтілуде.

slider

Мұнан өзге 20 көпқабатты үйдің жобалық сметасын әзірлеуге байқау жарияланып, мердігер мекеме анықталған. Жалпы жыл соңында дейін Тұран шағын ауданында 88 үйдің құрылысы басталады. Бұл жөнінде құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов қала әкімі Мұрат Дүйсенбековтің алдында баяндады.

slider
«Қазірде Тұранда «Отау строй», «АРТ құрылыс», «АҚ ордасы» секілді 7 мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде іргетас шұңқыры қазылып, бетондау жұмыстары жүріп жатыр»-деді ол.

slider
Іргетасы қаланып жатқан әрбір үйдің құрылысын аралап көрген Мұрат Дүйсенбекұлы жұмыс қарқынына көңілі толмайтынын ашып айтты. Құрылысшылар санын көбейтіп, жұмыс қарқынын күшейтуді талап етті. Салаға жауапты басшыларға бақылауды күшейтуді тапсырып, аптасын екі рет есеп алатынын ескертті.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *