ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫН КЕДЕРГІСІЗ ЖҮРГІЗУ АЛГОРИТІМІ БЕКІТІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫН КЕДЕРГІСІЗ ЖҮРГІЗУ АЛГОРИТІМІ БЕКІТІЛДІ

Түркістан облысында карантин режимі кезінде көктемгі дала жұмыстарын кедергісіз жүргізу алгоритмі бекітілді. Соған сәйкес Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арнайы жоба әзірледі. Ондағы мақсат – шаруалардың облысы аумағында кедергісіз жүруін қамтамасыз ету.

Ол үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тұрғылықты жері бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің тізіміне, өзінің аты-жөнін ЖСН және автокөлік нөмірін енгізуі тиіс. Аудандағы ауыл шаруашылығы бөлімі жинақталған тізімді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды. Басқарма рұқсат қағазын әзірлейді. Рұқсат қағаз (пропуск) аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мөрімен расталып, тиісті агроқұрылымдарға ұсынылатын болады.


Жобада шаруалардың Шымкент қаласына кіріп-шығу мүмкіндігі де қарастырылған. Ол үшін шаруалар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің тізіміне, өзінің аты-жөнін автокөлік нөмірі, ЖСН, жүргізушіның мәліметін қоса ұсынуы қажет.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі жинақталған тізімді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жолдайды. Ал облыстық басқарма Шымкент қаласы әкімдігінің ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасына тізімді жолдап, «СЕРГЕК» базасына енгізуді қамтамасыз етеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *