Ухан ауруханаларында COVID-19 жұқтырған науқас қалмады

Ухан ауруханаларында COVID-19 жұқтырған науқас қалмады

© Reuters

Коронавирус пандемиясы басталған қытайлық Хубэй провинциясының Ухан қаласында COVID-19 жұқтырған науқас қалмады, — деп хабарлады kaz.tengrinews.kz РИА Новостиға сілтеме жасап

«Ухан дәрігерлері мен оларға елдің түкпір-түкіпірінен көмектесуге келген медицина қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында, 26 сәуірдегі жағдай бойынша Ухан ауруханаларында коронавирус инфекциясы бар науқас жоқ», — деді мемлекеттік денсаулық сақтау мәселелері комитетінің ресми өкілі Ми Фэн.

Комитет 25 сәуірде жариялаған статистикалық есепке сүйенсек, індет басталғаннан бері Хубэй провинциясында 68128 вирус (Уханьда — 50333) жұқтыру дерегі анықталған, оның ішінде 63 604 адам жазылса, 4512 адам (Уханда 3869) қайтыс болған. Сол кезде Уханда 12 науқас қалғаны хабарланған еді.
https://kaz.tengrinews.kz/world_news/uhan-auruhanalaryinda-covid-19-juktyirgan-naukas-kalmadyi-307822/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *