Наурыз айында елімізде 1366 медқызметкер 850 мың теңгеден үстемеақы алды

Наурыз айында елімізде 1366 медқызметкер 850 мың теңгеден үстемеақы алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде наурыз айында қауіпті аумақтарда жұмыс істеп жүрген 16 мыңға тарта медициналық қызметкер үстеме алды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыз айында елімізде 1366 медқызметкер 850 мың теңгеден үстемеақы алды

«Мемлекет басшысының санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдау туралы тапсырмасына сәйкес 40 млрд 400 млн теңге бөлінді. Коронавирус инфекциясымен күреске тартылған медицина қызметкерлеріне наурыз айында барлық 17 аймақта үстемеақы берілді», — деді Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, медицина қызметкерлеріне осы мақсатта 3 млрд 200 млн теңге аударылған.

«Наурыз айында коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінің дәрежесіне қарай үш топтағы 16 453 қызметкерге үстемеақы аударылды. Қауіптің бірінші тобындағы 1 366 адам, екінші тобындағы 7 186 адам және үшінші тобындағы 7 901 адам үстемеақыға ие болды», — деді ол.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакеті қажет екенін айтқан болатын.

Наурыздың 30-нан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне ай сайын еңбекақыларына белгілі мқлшерде үстемеақы төлеу туралы шешімді бекітті. Осы бұйрыққа сәйкес, тәуекелдің үш тобы анықталып, олар 380 мың теңгеден 850 мың теңгеге дейін үстемеақы алуы тиіс.

https://www.inform.kz/kz/nauryz-ayynda-elimizde-1366-medkyzmetker-850-myn-tengeden-ustemeaky-aldy_a3641448

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *