Мұқтаж отбасыларға ауызашарға кететін қаржыны аудару арқылы көмек көрсетуге болады – Бас мүфти

Мұқтаж отбасыларға ауызашарға кететін қаржыны аудару арқылы көмек көрсетуге болады – Бас мүфти

Мұқтаж отбасыларға ауызашарға кететін қаржыны аудару арқылы көмек көрсетуге болады – Бас мүфти
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түн – Қадір түрі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен биылғы Рамазан айына қатысты мәліметтер бойынша баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұрын халқымыз пітір садақасын мешітке келіп беріп, Құран оқып, бата алатын. Өкінішке қарай, биыл біз олай жасай алмаймыз. Сондықтан біз Әзірет сұлтан мешітінде әр 15 минут сайын Құран оқып, бата жасайтын боламыз. Онлайн режимге қосылып, қол жайып, дұғаға тілекші болуларыңызға болады», — дейді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Ол биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталатынын айтты.

«Мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түн – Қадір түні. Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Ауыз бекіткен жандарға азық-түлік жеткізіп берсеңіз де ауыз аштырғанның сауабын аласыз. Тіпті көмекке мұқтаж отбасыларға ауыз ашарға кететін шығынды беріп, қаржылай көмек көрсетсеңіз де мол сауапқа кенелесіз. Осы ретте барша отандастарымды көмекке мұқтаж жандарға жан-жақты қолдау көрсетуге, еліміздегі мешіттер арқылы ауызы берік отандастарымызға ауызашар таратуға шақырамын», — дейді ол.

https://www.inform.kz/kz/muktazh-otbasylarga-auyzasharga-ketetin-karzhyny-audaru-arkyly-komek-korsetuge-bolady-bas-mufti_a3640719

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *