Түркістан облысында екі бала мен екі ересек адам коронавирустан жазылып шықты

Түркістан облысында екі бала мен екі ересек адам коронавирустан жазылып шықты

Түркістан облысында екі бала мен екі ересек адам коронавирустан жазылып шықты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында тағы 4 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай штабы мәлімет таратты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық штабтың мәліметінше, ауруынан айыққандар арасында екі бүлдіршін де бар.

«Мақтаарал ауданындағы Атакент ауылының 1991 және 1998 жылы туған тұрғындаыр мен 2017 және 2019 жылы туған қос бүлдіршін дертінен құлан-таза айығып, отбасыларына оралды.

Бұл науқастар Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы пойызбен келген жетісайлық науқастың жақын туыстары. Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша дерттен айыққан азаматтар саны 11 адамға жетті» делінген хабарламада.

https://www.inform.kz/kz/turkistan-oblysynda-eki-bala-men-eki-eresek-adam-koronavirustan-zhazylyp-shykty_a3640067

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *