Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 1 жағдай туралы ақпарат
Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 1 жағдай туралы ақпарат
(18.04.2020 жылғы сағат 12:40 -ғы мәлімет бойынша)
Ауру жұқтырған азамат 1973ж Шымкент қаласының тұрғыны. Ол 17-сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған 1966 жылғы адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
18.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 58 адам анықталды.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы