ШЫМКЕНТКЕ «BIRGEMIZ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНАН МИЛЛИОН МАСКА КЕЛІП ЖЕТТІ

ШЫМКЕНТКЕ «BIRGEMIZ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНАН МИЛЛИОН МАСКА КЕЛІП ЖЕТТІ

ШЫМКЕНТ: «BIRGEMIZ» ҚОРЫНАН 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан 1 миллион маска келіп жетті.
Игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетпердені тегін тарату үшін 5 миллион маска сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын.
Медициналық бетберделер халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға беріледі. Әр отбасыға 50 данадан үлестірілетін болады. Яғни, аталмыш көмекті қаладағы 20 мың отбасы алалады. Медициналық масканы әр аудан әкімдігі еріктілермен бірге аталған отбасыларға жеткізіп бермек.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорынан 22 мыңға жуық шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылған болатын.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
#BizBirgemiz #Елбасы #Nur Otan»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *