Қазақстанда төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды

Қазақстанда төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қазақстанда төтенше жағдай 1 мамырға дейін ұзартылды

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 14 сәуір

№ 306

https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-totenshe-zhagday-1-mamyrga-deyin-uzartyldy_a3637971

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *