ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ АРДАГЕР АТАЛАР МЕН АПАЛАРЫМЫЗ ЕЛГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ АРДАГЕР АТАЛАР МЕН АПАЛАРЫМЫЗ ЕЛГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Елде жарияланған төтенше жағдай кезінде әлеуметтік қолдауға зәру отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін Ордабасы ауданындағы бірқатар үкіметтік емес ұйым белсенділері және мешіт жамағаты қайырымдылық шараларын өткізді.
Атап айтқанда, Ордабасы аудандық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен уақ мал құрбандыққа шалынып, тиісті санаттағы тұрғындарға үйлестірілді. Бұдан бөлек, аудандағы мешіт жамағаты да2 ірі қара мал еті мен21 қап ұн, 500 дана бетпердені 42 тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға таратып берді.
«Аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі мен бірлестік жанынан құрылған «Қажы аналар» қауымдастығының ұйымдастыруымен, ауыл округі әйелдер кеңестерінің төрайымдарының қатысуында, ауданның көгалдандыру жұмыстарын жүргізетін әйел азаматтарына, яғни «Темірлан аббаттандыру» МКК-ның 32 қызметкеріне күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік пакеттері берілді.
Қайырымдылық халқымыздың қанында бар асыл қасиеттердің бірі. Сондықтан да жүрегі жомарт, еңсесін еліне қарап көтеретін ел азаматтарының арқасында бұл шара өз жалғасын алдағы уақытта датабатыны сөзсіз.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі