ШЫМКЕНТ: «BIRGEMIZ» ҚОРЫНАН 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Елімізде құрылған «Birgemiz» қорынан 11 мың 997 шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылды.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, 15 сәуірге дейін тізімге ілінген 21 864 мұқтаж отбасының барлығына көмек көрсетілмек.
Айта кетсек, аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының әкімдіктері көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізіп, аса мұқтаж отбасыларды іріктеп, арнайы тізімге енгізген.
Еске салсақ, Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорына еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, жетекші компаниялар қолдау білдіруде. Қордың басты мақсаты — СOVID-2019 індетіне қарсы күресті күшейту, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек беру.
Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы