ШЫМКЕНТТЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫНА 600-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ АТСАЛЫСУДА

Бүгінге дейін қаладағы 4 ауданда залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Шымкентте бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасады.

Дезинфекциялау қала көшелерінде, көпқабатты үйлерде, аулаларда және жаяу жүргіншілер жолдары мен аялдамалар сынды қоғамдық орындарда атқарылуда.

Шымкент қаласындағы залалсыздандыру жұмыстарына 50 автокөлік пен 600-ге жуық адам жұмылдырылған. Сондай-ақ, 200-ге тарта әскери қызметкер қамтылған.

Егер Сіздер тұратын шағынаудандағы, тұрғын алаптағы  залалсыздандыру шараларын жүргізу бойынша сауалдарыңыз болса, аудандық әкімдіктерге қоңырау шалып, дезинфекциялау жұмыстары туралы анықтауға болады.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *