ШЫМКЕНТТЕ 10 АУМАҚ ОҚШАУЛАНЫП, КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Шымкент қаласында 10 аумақ оқшауланып, карантинге жабылды. Атап айтсақ, олар: Жұқпалы аурулар емханасы, «Атамекен», «Мейірім» оңалту орталығы, Екінші қалалық емхана (Медикус), Жаңаталап м.а., «Самал-1» шағынауданы, Мақталы көш №120А,Төрекұлов №204, 8-шағынаудан (№53 көпқабатты үй) және Желтоқсан көшесі 3 А үй.

Карантин жарияланған аумақтарда жалпы 321 қызметкер жұмылдырылған. Оның ішінде: 115 полиция қызметкері, 14 қарулы күштер және 192 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда.

Еске сала кетсек, бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *