Елбасы елдегі жағдайды жіті бақылап отыр — Айдос Үкібай

Елбасы елдегі жағдайды жіті бақылап отыр — Айдос Үкібай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі таңда немен айналысып жатқаны туралы айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Елбасы елдегі жағдайды жіті бақылап отыр - Айдос Үкібай
«Бүгінде мемлекет Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды шараларды қабылдап жатыр. Бұл ретте, адамдар елдің болашағы үшін жауапкершілік олардың мамандардың нұсқауларын қалай орындайтынына байланысты екенін түсінуі тиіс. Көптеген адамдардың өз қауіпсіздігі мен жақындарының амандығына байыппен қарайтыны қуантады. Елбасы жағдайды жіті бақылап, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысынан өзекті ақпараттарды алып отырғанын атап өткім келеді. Маңызды саяси шешімдерді талқылауға қатысып, ел Президентіне қолдау көрсетуде.

Нұрсұлтан Назарбаев тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарымен айналысып жатқан Nur Otan партиясының қызметін үйлестіріп отыр. Сондай-ақ, Тұңғыш Президенттің бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорының жұмысы ерекше бақылауда. Бұдан бөлек, Елбасы Әлемдік экономика және саясат институтына әлемдегі жағдайды және Қазақстанға жаһандық трендтердің ықтималды теріс ықпалын зерттеу бойынша талдау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Бұл деректер сәйкес мемлекеттік құрылымға жіберіледі.

Бүгінде барлық күш халықтың қауіпсіздігі мен оны қорғауды қамтамасыз етуге жұмсалуда. Біз өркениетті мемлекет қалыптастырған мықты халықпыз. Біз бірліктің арқасында көптеген сынақтан өттік. Бұл қиындықтарды да басымызды жоғары көтеріп еңсеретінімізге сенімдімін», — деді Үкібай.

https://www.inform.kz/kz/elbasy-eldegi-zhagdaydy-zhiti-bakylap-otyr-aydos-ukibay_a3630153

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *