Түркістан облысында 30 га тоғай алқабы өртенді

Түркістан облысында 30 га тоғай алқабы өртенді

Тілсіз жау 1-ші бағыт (Балтакөл бағыты) бойынша 15 га жерді шарпыған.

​Түркістан облысында 30 га тоғай алқабы өртенді

иллюстрациялық фото

Түркістан облысында тоғай өртеніп жатыр, деп хабарлады ERNUR.KZ тілшісі.

Өрт туралы хабарлама 24 наурыз күні сағат 16.42-де тіркелген.

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Кентау қаласы, Үшқайық ауылдық округіне қарасты Жалаңтөс ауылындағы Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Түркістан филиалы парк аумағында 2 бағытта жалпы ауданы 30 га тоғай алқабы жанған. Тілсіз жау 1-ші бағыт (Балтакөл бағыты) бойынша 15 га жерді шарпыған. Бұл маңдағы тұтанған қызыл жалынды өрт сөндірушілер сағат 23.05- те толық сөндіріп тастаған. Алайда тоғайдың басқа алабындағы өрт өршіп барады. » Желдің екпіні 20-25 м/сек болуына байланысты өрттің өршуі жалғасуда және қиындық тудыруда. Өртті сөндіру жұмыстары 25.03. күні де жалғасуда,»- деп мәлімдеді Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Қазір өрттің шығу себебі анықтылып жатыр. Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнына ТЖД-нен 78 қызметкер мен 11 техника, ЖАО-дан 4 бірлік техника және 30 қызметкер, орман шаруашылығынан 3 бірлік техника және 37 қызметкер жұмылдырылғанын айтты.

http://ernur.kz/turkistan-oblysy/turkistan-oblysynda-30-ga-toghai-alkaby-ortendi

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *