ШЫМКЕНТКЕ КІРЕТІН АВТОЖОЛДАРДА 12 АРНАЙЫ БЛОК БЕКЕТІ ҚОЙЫЛДЫ
ШЫМКЕНТКЕ КІРЕТІН АВТОЖОЛДАРДА 12 АРНАЙЫ БЛОК БЕКЕТІ ҚОЙЫЛДЫ
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Шымкентте сақтық шаралары күшейтілуде.
Бұл бағытта Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 блок бекеті қойылды.
Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті.
Коронавирус індетіне қарсы мамандар әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр.
Блок бекеттерге тоқталсақ, олар: Ақжар, Жылан бұзған, Абдулабат, Өтеміс шапырашты, Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым ауылы (А-2 айналма жолы),
Бозарық айналма жолы, Қайнарбұлақ саяжайы, Бадам айналма жолы, Көкбұлақ, Бадам көпірі маңы.
Бұл бекеттерде полиция, дәрігерлер, жедел-жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етеді.
Сақтық шаралары ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
Блок бекеттерде медицина мамандары халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылап, дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшейді.
Қауіптің алдын алу мақсатында қолға алынған жұмыстар барысында полицейлер мен дәрігерлер қаланың сыртындағы 12 Блок бекетте күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.