Елордада коронавирус жұқтырудың тағы 3 жағдайы тіркелді
Елордада коронавирус жұқтырудың тағы 3 жағдайы тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 3 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде сағат 20 наурыз 22:00-дегі жағдай бойынша, тағы 3 адамнан коронавирус табылған.
Осылайша, Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 52 болды. Оның ішінде Алматыда — 22, Нұр-Сұлтанда – 28 және Қарағандыда — 2 жағдай тіркелген.
https://www.inform.kz/kz/elordada-koronavirus-zhuktyrudyn-tagy-3-zhagdayy-tirkeldi_a3627948