ШЫМКЕНТТЕ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының барлық аумағында енгізілген төтенше жағдай бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығы ашылды.
Қала тұрғындары мен қонақтары вирустың алдын-алу және қорғану шаралары бойынша кеңес алу үшін және азық-түлік бағасы мен қоғамдық көлік, әлеуметтік мәселелер, коммуналдық төлемдер бойынша сұрақтарын 39-50-55 бірыңғай call-орталығына хабарласып біле алады.
Орталықта қызмет ететін 6 оператор алты сала бойынша қоңырау қабылдап, тиісті жұмыстарды атқаратын болады.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *