Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы блок бекеттерінде әскерилер қызметіне кірісті

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы блок бекеттерінде әскерилер қызметіне кірісті

Қазақстандық әскерилер 19 наурыз күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілгеннен кейін аталған мегаполистердің айналасындағы өткізу бекеттерінде қызмет етуде. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Ведомство мәліметінше, бұнда әскери қызметкерлер, Ұлттық гавардия мен Ішкі істер министрлігінің мамандары болады.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы блок-бекеттерде Қарулы Күштер әскери қызметшілері атқаратын қызметтердің ұйымдастырылуын Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев пен ҚР ҚК Бас штабы бастығы генерал-майор Мұрат Бектанов тексерді.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Тексеру барысында әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жағдайына көңіл бөлу, олардың барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілуі, қызмет кезіндегі кез келген жағдайда өзінің іс-қимыл тәртібін білуі басты назарға алынды.

Cоңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 44-ке жетті. Оның 19-ы Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда.

Аталмыш екі қалады 19 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты карантинге жабылды.

 

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *