Созақ ауданы қашан табиғи газбен толық қамтылады

Созақ ауданы қашан табиғи газбен толық қамтылады

ШОЛАҚҚОРҒАН. ҚазАқпарат — Түркістан облысы Созақ ауданының орталығы — Шолаққорған ауылы 1-2 жылда табиғи газбен қамтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Созақ ауданы қашан табиғи газбен толық қамтылады
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, өткен жылы Түркістан облысының Созақ ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 100 млн теңге қаржы қаралып, Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолаққорған елдімекеніне дейінгі магистральді газ құбыры мен АГТС құрылысы басталған болатын. Аталған жобаға 2020 жылы 2,6 млрд теңге қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда газбен жабдықтау жұмыстарын «Stroygaz Company» ЖШС өндірістік кестеге сай жүргізуде. Жобаның жалпы құны – 4 млрд 110 млн теңге. Газ құбырының ұзындығы – 43,809 шақырым.

Бұдан бөлек, биыл аудан орталығы Шолаққорған ауылының ішкі жүйесін жабдықтау жұмыстары үшін жобалық сметалық құжаттамалары жасалып, облыстық бюджетке қаржы қарау туралы ұсыныс жолданған.

«Шолаққорған ауылының ішкі жүйесін газға жабдықтау үшін 2020 жылға 100 млн. теңге қаржы қаралды. Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, заңға сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіледі. Бұл жобаның құны – 3 млрд. 560 млн. теңгені құрайды. Газ құбырының ұзындығы – 216 шақырым. Жалпы бүгінде Шолаққорған елдімекенінде 12 мыңға жуық халық тұрады», – дейді Созақ аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ербол Аманов.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/sozak-audany-kashan-tabigi-gazben-tolyk-kamtylady_a3627166

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *