ӨЗБЕКСТАНДЫҚ 4 АДАМ ТҮТІНГЕ ТҰНШЫҒЫП ӨЛДІ

 Шымкентте төрт адам түтінге тұншығып өлген.  Олардың барлығы Қазақстанға  жұмыс істеуге келген Өзбекстан республикасының азаматтары. 

Оқыс оқиға  Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі бойында орналасқан аяқ-киім тігетін цехтың ауласында орын алған.

Темір вагонның ішінде  5 адам болған. Сол жердегі дүңгіршектің бірінде түнеп, жалданып жұмыс істеп жүрген азаматтар түнде қоқыс жәшігіне от жағып жылынбақ болған.

Темір ыдысты дүңгіршекке кіргізіп от жаққан. Салдарынан 4 адам сол жерде мерт болған. Бір азамат ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.  Нысан жеке  кәсіпкер Б Тартаевқа тиесілі. Қайтыс болған азаматтар осы нысанды қоқысын тазалау үшін жалданған. Қазіргі таңда өлім оқиғасы бойынша тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда,дейді төтеншеліктер.  Қазіргі таңда біз анықтап жатырмыз. Вагонның ішінде газ құрылғысы немесе жыдыту пеші жоқ.  Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы,  Нұрболат Дербісов. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *