Елімізде 9 адам коронавируске шалдыққан
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ресми мәлімет бойынша дәл қазір елімізде коронавируске шалдыққандар саны — 9 адам. Олардың жетеуі — Алматыда, екеуі — Нұр-Сұлтанда. Осы уақытта 1644 адам стационарлық карантинде, 628 адам үй карантинінде жатыр. Сондай-ақ, Қытайдан және көрші мемлекеттерден келген азаматтарды да тексеру жалғасуда. Барлық санат бойынша 2537 адам бақылауға алынған. Оның ішінде «1-а» санатында — 1626, «1-б» санатында — 564, 2-санатта — 347 адам бар. Бақылауға алынғандардың 480-і тексеруден кейін мониторингтен шығарылса, 2057 адам әлі де бақылауда тұр.