ОҚУШЫЛАР 16 НАУРЫЗ БЕН 5-СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ДЕМАЛЫСТА БОЛАДЫ

Қазақстан мектептерінде 16 наурыз — 5 сәуір аралығында каникул болады

ДҰҰ пандемия деп жариялады. ҚР президенті нақты тапсырма берді. Алдымен 13 наурыздан бастап іс-шаралара өткізілмейді. Сауда, вокзалдар, санитарлық күшейеді. Орта білім беру 16 наурыз — 5 сәуір каникул болады», — деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

© Тұрар Қазанғапов

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз — 5 сәуір каникул болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады.

«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс», — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. «Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік», — делінген еді ұйымның Twitter-дегі парақшасында.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstan-mektepternde-16-nauryiz-5-saur-aralyigyinda-306047/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *