ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ ХАЛЫҚТАН ТОЙ-ТОМАЛАҚТЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУДЫ СҰРАДЫ

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ ХАЛЫҚТАН ТОЙ-ТОМАЛАҚТЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУДЫ СҰРАДЫ

Коронавирустың таралу қаупіне байланысты той-томалақты кейінге шегеру керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясында айтылды

«Үйлену тойы, туған күн мен мерекелер — өте маңызды, бірақ денсаулық одан да маңызды мәселе. Мұндай шараларды өткізгісі келген адам жақсылап ойлануы керек. Әсіресе біз көп қонақ шақырып той өткізгенді жақсы көреміз. Шақыратын қонақтардың санын барынша қысқарту керек. Мұндай шараларды кейінге шегеріп тастаса тіптен жақсы», — деді Ералы Тоғжанов. Бүгін Нұрсұлтан қаласында арнайы мәслихат өтіп, онда еліміздегі оқушылар 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында каникулда болатыны айтылды. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық ауқымды іс-шаралардың тоқтатылатыны туралы айтқан болатын.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *