Букмекерлік конторада ұтылған түркістандық суицидке барды
Букмекерлік конторада ұтылған түркістандық суицидке барды
Түркістан полициясы букмекерлік контораның жұмысына шектеу қойды. Себебі, аталған контораның клиенті өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған, деп хабарлады ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Түнде Келес аудандық полиция бөліміне ауруханадан хабар келіп түскен, онда денесіне және қолына салынған жарақаттармен жас жігіт жеткізілгендігі айтылған. Белгілі болғандай, Келес ауданының тұрғыны суицидке баруға талпынған. Оған букмекерлік конторалардың бірінде ақшасынан ұтылып қалуы себеп болған. Бір жарым ай ішінде 180 мың теңгесінен ұтылған ол, үйінде өзіне пышақ жарақатын салған. Аталған факті өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу бабы бойынша тіркелді. Сондай-ақ ер адам заңсыз қызметі үшін букмекерлік контораны жауапкершілікке тарту жөнінде полицияға арызданды. Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары аудан орталығындағы ғимараттың бірінен букмекерлік контораны анықтап, ол жерден компьютерлік техниканы, қолма-қол ақша мен өзге де заттай айғақтарды тәркіледі. Заңсыз ойын қызметі фактісі бойынша күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
https://www.inform.kz/kz/bukmekerlik-kontorada-utylgan-turkistandyk-suicidke-bardy_a3622852